Жоғары оқу орындарының ақысы мемлекеттік грант бағасының көлемінде болуы қажет - Білім министрі

None
None
АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Жоғары оқу орындарының ақысы мемлекеттік грант бағасының көлемінде болуы қажет.

Бүгін БАҚ өкілдеріне ҰБТ нәтижесі бойынша эксклюзивті сұхбат берген Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай мәлімдеді.

«Расында, елімізде кейбір жоғары оқу орындарындағы оқу ақысы көтеріліп келе жатқаны белгілі. Бұл негізінен оқытушылардың еңбекақысына, ЖОО базасын нығайтуға қатысты болып отыр. Дегенмен, бұлар көп емес. Ректорлармен кездесу барысында төлемақыға қатысты оқушылардың жағдайларына назар аудару, жеңілдіктер қамту туралы тапсырмалар беріліп тұрады. Жалпы, төлемақы гранттың бағасынан төмен болмауы керек еді. Бұл сақталып отырған жоқ. Бір сөзбен айтқанда, оқу ақысы мемлекеттік грант бағасынан төмен де, жоғары да болмауы қажет», - деді Б. Жұмағұлов.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік гранттың белгіленген мөлшері әр университетте әртүрлі болып келеді. «Мәселен, ұлтық университеттерде 600-700 мың теңгеге барса, басқа университеттерде 300-400 мың теңге аралығында», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар