+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Жоғары оқу орындарына қатысты жаңа әдістеме жасалмақ

2020 жылғы 2 желтоқсан 13:05
Бөлісіңіз:
Жоғары оқу орындарына қатысты жаңа әдістеме жасалмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Білім және ғылым министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарына студенттерді оқытатын жаңа әдістеме ұсынылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өкінішке қарай, жоғары оқу орындарының көбінің қолданатын әдістемелері күмән туғызады. Оқытушының жүктемесі 800 сағатқа дейін жетсе, сабақтарға дайындалуға немесе ғылыми бағыттағы жұмыстармен айналысуға оның уақыт табуы қиынға түседі. Сондықтан жақын арада министрлікке қарасты жоғары оқу орындарына жаңа әдістеме ұсынылады», - деп жазды Білім және ғылым министрі.

Министрдің айтуынша құрамында сарапшылар, жоғары оқу орындарының проректорлары мен оқытушылар бар жұмыс тобы бұл мәселеге жұмылдырылған.

«Жүктемені бірден автоматты түрде төмендету қалаған нәтижеге жеткізбейді. Кейбір оқу орындары оқытушылардың жүктемесін бірден 400-500 сағатқа дейін төмендеткен болатын. Бұл ретте ЖОО-дағы жалпы сағат көлемі азаймады, керісінше қосымша оқытушыларды жұмысқа қабылдау қажеттігі пайда болды. Себебі, бір оқытушыға берілетін ставка көлемі 1,5-тен аспауы керек. Нәтижесінде университет біліктілігі төмендеу оқытушыларды жұмысқа алуға мәжбүр болды. Әрине, мұның оқу сапасына кері әсер еткенін айтпаса да түсінікті. Дегенмен, бұл мәселені шешуіміз қажет. Оны кезең-кезеңмен және жүйелі түрде шешеміз», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT