Жоғары оқу орнын бітіруші әрбір түлек лайықты жұмыспен қамтылуы қажет - Мемлекет басшысы

None
None
ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жоғары оқу орнын бітіруші әрбір түлек лайықты жұмыспен қамтылуы қажет.

Бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІV съезі барысында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, әділ жастар саясаты жас қазақстандықтарды индустрияландыру бағдарламасына белсенді қатыстырумен негізделетін болады. «Қазақстанда жоғары оқу орнын бітіруші әрбір түлек лайықты жұмыспен қамтылуы қажет. Біз жас мамандар мен жас отбасыларды қолдау бағдарламасын жүзеге асыратын боламыз. Ерекше мәселе - бұл Қарулы күштерде, полицияда және басқа да құқық қорғау органдарында Отанға қызмет ету үшін өз кәсібін таңдаған жас азаматтар туралы ұдайы қамқорлық. Бұл ретте біз әскери қызметкерлер отбасылары үшін баспана мәселесін толық шешуіміз керек», - деп атап өтті Елбасы.

Партия Төрағасының айтуынша, осы мәселелердің барлығы «Нұр Отан» ХДП сайлауалды бағдарламасында, атап айтқанда «Қазақстан. 2017 Мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспарлары» тұғырнамасына енгізілген. Бұл бағыттағы нақты атқарылатын іс-шаралар Президенттің келесі жылғы Қазақстан халқына Жолдауында қамтылатын болады.

Соңғы жаңалықтар