ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМ ИЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТКЕ САТҚЫНДЫҚ ЖАСАДЫ - ПРЕЗИДЕНТ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен ең қиын сәтте, қандай жағдай болса да, ақырына дейін халқыммен бірге боламын деп ашық айттым. Бабаларымыз «Іштен шыққан жау жаман» деп бекер айтпаған. Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Опасыздардың ішінде әскери және арнаулы органдардың басшылары да бар. Олар Күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді. Тіпті, арнайы үкіметтік және басқа да байланыс арналарын өз бақылауына алды», - деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы олар елді ыдырату үшін ойларына келген барлық тәсілді қолданғанын атап өтті.

«Соның салдарынан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан көмек сұрауға мәжбүр болдық. Бұл қадам ішкі және халықаралық нормаларға сай жүзеге асырылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.




Соңғы жаңалықтар