Жоғары хоккей лигасы: «Сарыарқа» сырт айдында «Соколдан» басым түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғары хоккей лигасының тұрақты матчы аясында Красноярскіде Қарағандының «Сарыарқа» командасы «Соколмен» кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші кезеңнің жетінші минутында красноярлық Владислав Мисников ойынның есебін ашты. Оны қарағандылық Андрей Ряшенцев үшінші жиырмасыншы минутта ғана теңестіре алды. Матч тағдыры буллиттер сериясында шешілді. Сәттілік қарағандылықтар жағында болды, есеп - 1:2.

Айта кетейік, 15 қаңтар күні Ангарск қаласында қарағандылық «Сарыарқа» «Ермакпен» ойнайды.

«Сокол» - «Сарыарқа» 1:2 Б (1:0, 0:0, 0:1, 0:0, 0:1)

Шайбалар: 1:0 - 06:14 Мисников (Шевченко, Крылов). Көпшлікте

1:1 - 45:01 Ряшенцев (Сиксна). Теңдікте

1:2 - 65:00 Ремов. Буллит

Қақпашылар: Литвинов - Рейзвих

Айып: 8:12 (4:4, 0:2, 4:6, 0:0).

Соңғы жаңалықтар