Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес видеорежимде отырыс өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 14 сәуірде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағасы, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенконың бастамасымен Еуразиялық экономикалық одақта коронавирус инфекциясының алдын алу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылау бойынша ЖЕЭК мүшелерінің жұмыс кездесуі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕЭК сайтына сілтеме жасап.

Кездесу видеоконференция режимінде ұйымдастырылады.


Соңғы жаңалықтар