Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында бірқатар маңызды шешімдер қабылданды - Н. Назарбаев

None
None
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Украина Президенті Виктор Янукович және Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтар қатысуымен өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында бірқатар маңызды шешімдерге қол қойылды.

«Біріншіден, Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметіне сауда саласындағы халықаралық келісімдер жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді. Бұл құжат Кедендік одаққа мүше-мемлекеттерге белсенді өзара іс-әрекеттерді дамытуға жол ашады, коммерциялық алаңдар ұйымдастыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ, бұл біздің сауда жөніндегі әріптестеріміздің шеңберін кеңейте түседі. Ал, өз кезегінде бұл өзгерістер одан да тығыз интеграция үшін аса қажет», - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, отырыс барысында Кедендік одаққа мүше-мемлекеттердің агроөнеркәсіптік саясат тұжырымдамасы да келісілген. Бұдан бөлек интеграциялық-ақпараттық жүйені дамыту бойынша уағадаластықтар жасалды. Статистика саласында өзара ақпараттық байланыс мәселелері де келіссөз шеңберінде қамтылды.

«Біз Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістіктің көкжиегін кеңейту мәселелерін жеке топтамада қарастырдық», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар