Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінде қандай мәселелер талқыланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -29 мамырда елордада Елбасының Еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығы аясында Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні Еуразиялық экономикалық одағын құру туралы келісімге қол қойылғанына да 5 жыл толмақ.

Министрлік өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, аталмыш шараға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Молдова және Тәжікстан мемлекеттерінің басшылары қатысады.

«Еуразиялық экономикалық одағын құру туралы шартқа қол қойылғанына 5 жыл толуына орай, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің мүшелері бірлескен мәлімдеме жасайды. Бұл мерейтойлы саммитте қабылданатын басты құжат болмақ. Отырыс шеңберінде Еуразиялық экономикалық одағының цифрлық күн тәртібін іске асыру бойынша өзекті қызметтің маңызды мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, «үшінші елдермен» Одақ аясында сауда шарттарын жасасу кезінде қол жеткізілген нәтиежелер мен қажетті шешімдер туралы баяндамалар тыңдалады»,- дейді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, отырыс барысында ұйым басшылары 2019-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық саясаттың негізгі бағыттарын талқыламақ.

«Одаққа мүше елдер ортақ энергетикалық нарық қалыптастыруға байланысты мәселелерді қарастырады. Одақтың кеден аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетіктерін реттейтін бірқатар халықаралық шарттарға және Еуразиялық экономимкалық одақтың кедендік кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы құжаттарға қол қоятын болады», - деді министрлік ресми өкілі.

Соңғы жаңалықтар