Жоғары білім ұйымдары оқытушыларының кәсіптік стандарты әзірленіп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жоғары білім ұйымдары оқытушыларының кәсіптік стандарты әзірленіп жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғылым және жоғары білім министрлігінің жұмыс тобы жаңартылған педагогикалық құзіреттермен «Педагогикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымдары оқытушыларының» кәсіптік стандартын әзірлеп жатыр. Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің біліктілігін арттыруда бірыңғай әдісті қамтамасыз ету үшін тиісті ұйымдар мен білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізіп жатыр», - деп атап өтеді Әлихан Смайылов жауабында.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, 2022 жылы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген 181 білім беру бағдарламасының 47-сін жекеменшік білім беру ұйымдары жүзеге асыруда.

«Бүгінде педагогтерді курстық дайындауды жүзеге асыратын ұйымдарға бекітілген талаптарға 30 ұйым сай келеді. Оның 19-ы - жекеменшік», - деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар