Жоғары аудиторлық палатаға жаңа өкілеттіктер беру қажет

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жоғары аудиторлық палатаның өкілеттіктері мен құзыреттерінің құқықтық шекарасы әлі айқындалмаған. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңызды ресурстарды өңірлік деңгейге беру және анықталған жүйелі проблемалар Жоғары аудиторлық палатаға жаңа өкілеттіктер беру, тексеру комиссиясының мәртебесін арттыру қажеттігін көрсетеді. Конституциялық реформа аясында Есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып қайта құрылған сәттен бері жарты жылдан астам уақыт өтті», - деді палата төрағасы.

Оның атап өтуінше, Жоғары аудиторлық палатаның өкілеттіктері мен құзыреттерінің құқықтық шекарасы әлі айқындалмаған.

«Аталған түзетулер - осы мәселені шешуге жасаған үшінші әрекетіміз. Қазіргі уақытта заң жобасы Үкіметтің қорытындысында жатыр. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «Заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасы ауқымында осы түзетулерге бастамашылық жасағаны үшін Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетіне алғыс айтамыз», - деді Наталья Годунова.


Соңғы жаңалықтар