Жоғары аудиторлық палата салықтық жеңілдіктер қолданудағы кемшіліктерді атады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жоғары аудиторлық палата салықтық жеңілдіктер бөлігінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне аудит жүргізді. Бұл туралы аталған палатаның мүшесі Ардақ Теңгебаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент салықтық жеңілдіктерді қолдану жаппай дағдыға айналғанын атап өтті. Өткен жылдың соңында Жоғары аудиторлық палата салықтық жеңілдіктер бөлігінде мемлекеттік органдар қызметіне және олардың салықтық әкімшілендірулері тиімділігіне аудит жүргізді. Аудит жүргізу барысында салықтық жеңілдіктерге қатысты айтарлықтай проблемаларды бар екендігі анықталды. Атап айтқанда, заңнамада оларды айқындаудың нақты өлшемшарттары жоқ. Сондықтан, салықтық жеңілдіктердің нақты тізілімін айқындау мүмкін емес», - деді ол Сенатта «Салықтық жеңілдіктері оңтайландыру және олардың тиімділігін арттыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында.

Оның атап өтуінше, салық саясатына жауап беретін Ұлттық экономика министрлігі мен салықтық жеңілдіктер қолдануды жүзеге асыратын Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті арасында салықтық жеңілдіктер нәтижесіндегі шығын сомасында айырмашылық бар. Мәселен, Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік қаржыларды басқару тұжырымдамасында 2018-2020 жылдардағы шығын сомасын 13 трлн теңге деп көрсеткен. Ал, Мемлекеттік кірістер комитеті дерегінше, шығын сомасы – 17,5 трлн теңге.

«Бұған қоса, Жоғары аудиторлық палата салық заңнамасы жағдайына баға берді және салықтық жеңілдіктер тізілімін жасады. Нәтижесінде, 64 салықтық жеңілдікті Ұлттық экономика министрлігі де, Мемлекеттік кірістер комитеті де бағаламайтындығы анықталды. Сондықтан, біздің есептеуміз бойынша аталған кезеңдегі салықтық жеңілдіктерден келген бюджет шығыстары 21 трлн теңгеден асып түседі», - деді Ардақ Теңгебаев.


Соңғы жаңалықтар