Жоғарғы соттың судьясы сайланды
2022 жылғы 28 маусым 10:11

Жоғарғы соттың судьясы сайланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьясы болып Еркеш Мәукен сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Жоғарғы сот судьясы қызметіне Еркеш Мәукенді сайлау туралы ұсынымды енгізді. Ол Қарағанды облыстық сотының судьясы қызметін атқарып келді. Оның судьялық еңбек өтілі 22 жылдан асты», - деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Осы орайда ол аталған судья өз саласының білікті маманы екенін, қылмыстық істерді қарауда мол тәжірибесі бар екенін атап өтті.

Айта кетейік, Жоғарғы соттың судьясы қызметіне сайланғаннан кейін, ол Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 16 маусымда Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы соттың екі судьясы сайланған еді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT