Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Парламентінің Сенатына Лариса Аркадьевна Шепелеваны ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатуға ұсыныс жасалды.

«ҚР Жоғарғы сотының судьясы Лариса Шепелеваны қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізілді. Шепелева құрметті отставкаға шығуға ниет білдірді. Құрметті депутаттар, Жоғарғы сотының судьясы отставкаға шығуына байланысты қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымын қолдауды сұраймыз», - деді ҚР Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.


Соңғы жаңалықтар