+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

2021 жылғы 4 наурыз 10:09
Бөлісіңіз:
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Үкімет Экологиялық кодекстегі бағалаудың жаңа құралдары жайында мәліметтермен бөлісті Шикізаттық емес тауар экспорты 14 млрд долларды құрады - Сұлтанов ЕАЭО нарығындағы кедергілердің 80 пайызын жойдық

«Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізіліп отыр.

Президент Жарлығымен Смолин Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Сонымен қатар, судья Әбнәсіров зейнеткерлік жасқа толуына байланысты отставкаға шығу туралы өтініш берді», - деді ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Палата депутаттары осы ұсынысқа қолдау білдіріп, судьяларды қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, биыл қаңтар айында ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асанов Қостанай облыстық сотының жаңадан тағайындалған төрағасы А. Смолинді қашықтан таныстырған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT