Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Жоғарғы сотта Владислав Челахтың өтініші қаралады

2019 жылғы 18 қаңтар 15:11 1349
Бөлісіңіз:
Жоғарғы сотта Владислав Челахтың өтініші қаралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Жоғарғы сотта Владислав Челах ісі бойынша сотталушының өтініші қаралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жоғарғы сотына сілтеме жасап.

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челах Жоғарғы соттың кассациялық инстанциясындағы ісін қарау туралы өтініш берген.

«Заңға сәйкес, Жоғарғы сот кассацияның отырысында Челах өтінішін қарауға міндетті. Жоғарғы Сот судьясы қайта қарау туралы өтiнiштiң негізділігін алдын-ала тексермейді. Бұл норма өмір бойы бас бостандығынан айырылған немесе өлім жазасына кесілген тұлғаларға арналған заңда көрсетілген», - деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Кассациялық инстанция отырысы 2019 жылдың 22 қаңтарына белгіленген.

Еске сала кетейік, 2012 жылы әскери қызметші В.Челах «Арқанкерген» шекара қосынында 15 адамды өлтірді деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылды

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Заң, Оқиға, ҚР Жоғарғы соты, Сот,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT