+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Жоғарғы сотта сенаторлар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің жобасын талқылады

2020 жылғы 21 ақпан 14:29
Бөлісіңіз:
Жоғарғы сотта сенаторлар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің жобасын талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері Жоғарғы сотта болып, сот жүйесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Министрлік медиаторларды даярлау ережесін қайта қарауды ұсынды Қазақстан мен Армения арасында ресми құжаттарды танудың оңайлатылған тәртібі белгіленді Сенатта пошта қызметтерін жеңілдетуге арналған құжат қабылданды

Сенат депутаттары Жоғарғы соттағы судьялар алқасының мүшелері және Әділет министрлігінің өкілдерімен бірге Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің және оған ілеспе заң жобасын талқылауға қатысты.


Алдымен сенаторлар Жоғарғы сот жанынан құрылған ахуал орталығының жұмысымен танысты. Мамандардың айтуынша, аталған орталық сот төрелігін жүзеге асыру барысындағы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың жаңа деңгейі болып табылады. Ол тараптардың бірі қандай да бір кемшілікті айтып, сотқа жүгінгенге дейін анықтап, жоюға мүмкіндік береді.

Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов еліміздің сот жүйесінде атқарылған жұмыстар туралы хабардар етіп, саладағы бірқатар мәселелерге тоқталды. 2018-2019 жылдары Жоғарғы сотта 17 заң жобасы әзірленіп, оның 9-ы Парламентте қабылданған болатын. Қазіргі кезде Парламент қарауында 4 заң жобасы, мемлекеттік құзырлы органдардың қарауында 4 заң жобасы бар.

«Бүгінде елімізде 2413 сот төрешісі бар. Қазақстанда күн сайын 13500 сот актісі шығады. Сот төрешілеріне қатысты негізгі проблемалардың қатарына жалақының аздығы мен жұмыс ауқымының көптігі де бар», - деді Ж.Асанов.


Оның айтуынша, заң саласы мамандығын бітірген түлектердің 16 пайызы ғана сот төрешісі болады.

Комитет төрағасы Владимир Волков кездесуді қорытындылай келіп, Жоғарғы сот қызметін одан әрі жетілдіруде сапаға баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Бұл бағыттағы бірлескен жұмыстардың жалғаса беретіні айтылды. «Біз сіздермен бір бағытта жұмыс істейміз. Бүгін бәріміз үшін маңызды заңнамалардың бірі – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің және ілеспе заң жобасының талқылануына куә болдық. Ахуал орталығының да жұмысы көңілге қонымды. Соттың әділеттілігі жұмысының сапасымен өлшенеді», - деді В.Волков.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сенат, ҚР Жоғарғы соты, Заң,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT