Жоғарғы Сотта Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми жоғары сот органының әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары, Судьялар одағы Орталық кеңесінің мүшелері, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

null  

Жиынға қатысушы әріптестерін мерекемен құттықтай келе Қайрат Мәми: «Бұл мереке қазіргі әйелдердің көп қырлы болмысын сипаттауға тамаша мүмкіндік береді. Қазақстан қоғамында әйелдер, ең алдымен, ардақты ана, сүйікті жар, екіншіден, кәсіби маман, жауапты лауазым иесі. Сіздерді еңбекқорлық, отбасылық құндылықтар мен қоғамдық келісімді сақтауға деген ұмтылыс ерекшелейді», - деді.

Жоғарғы Сот төрағасы мемлекет пен қоғамды дамытудағы, Ұлт Жоспарын, Қазақстан Президентінің халыққа арнаған Жолдауы мен Конституциялық реформаны іске асырудағы әйелдердің белсенді қызметі мен рөлін айрықша атап өтті.

null  

Кездесу барысында Жоғарғы Соттың судьясы, Судьялар одағының Жоғарғы Соттағы филиалының басшысы Ғалымжан Мырзаке де құттықтау сөз сөйледі. «Тәуелсіз Қазақстан тарихында Мемлекет басшысы әйелдер мәселелеріне зор көңіл бөліп келеді. Ол әрдайым әйелдермен кездесу өткізіп, олардың ел дамуына қосқан үлесі мен рөлін атап өтеді. Республикамызда Аналар күні мен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы бекітілді. Аналардың жағдайына мемлекет айрықша қамқорлық көрсетуде. Гендерлік саясат мәселелерін Президент Әкімшілігі жанындағы арнайы комиссия тұрақты түрде қарап келеді», - деді Ғ.Мырзаке.  

null  

Сонымен қатар, әріптес әйелдердің ана және кәсіби маман образдарын сәтті үйлестіре білетіндігі. сот төрелігін жүзеге асыру барысында олардың ең күрделі істерді қарап, еңбекқорлық пен өмірлік шыдамдылықтың үлгісін көрсетіп, ұжымның қоғамдық өміріне де белсене қатысатындығы аталып өтілді. 

null 

Салтанатты іс-шараның соңында Жоғарғы Сот төрағасы жиынға қатысушы әйелдерді құттықтай келе, оларға зор денсаулық, еңбекте табыс, құт-береке және бейбіт өмір тіледі.

null 

Соңғы жаңалықтар