Жоғарғы Сотта әкімшілік істер бойынша сот алқасын құру ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғарғы Сотта әкімшілік істер бойынша сот алқасын құру ұсынылды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатты бір топ Парламент депутаттары әзірлеп, заң шығару бастамасы тәртібімен енгізді.

«Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қабылдау және оны 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізу сот жүйесінің жұмысына түзетулер енгізуді талап етеді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және облыстық соттардың «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда белгіленген қолданыстағы құрылымы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің міндеттеріне толық көлемде жауап бермейді», - деді Мәжіліс депутаты Қанат Мусин.

Оның айтуынша, Жоғарғы Сотта әкімшілік істер бойынша сот алқасын құру ұсынылады. Қазіргі мамандандырылған сот алқасы таратылады.

«Облыстық соттарда да тиісті сот алқалары құрылады. Бұл шара сот жүйесіне өңірлерде істердің бөлінуіне байланысты үнемі өзгеріп отыратын жағдайға жедел ден қоюға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді депутат.


Соңғы жаңалықтар