Жоғарғы сот төрағасы әлеуметтік желі қолданушыларының шағымдарына жауап берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов соттарда цифрлық технологияларды енгізу кезіндегі қиындықтар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ең алдымен, ол қаржыландыру мәселесінен бастады.

«Өткен жылы мақсатты қаржыландыру қажетті деңгейде жүзеге асырылмады. Жиналғандардың барлығы, негізінен, жалақының есебінен үнемдеу болды, ешқандай сыйлықақы берілмеді, өйткені біз бұл ақшаны осы мәселелерді шешу үшін жіберіп жатырмыз», - деді Жоғарғы соттың басшысы соттарды цифрландыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, бұл тәсілден ең алдымен соттарға онлайн режімінде құжаттарды жіберуге үйренгендер зардап шегеді. Көбінесе олар сервистік дұрыс жұмыс істемеуіне тап болуда.

«Олар әлеуметтік желілерде үнемі осы туралы жазуда, бұл жадының жетіспеуі, байланыс арналарының жеткіліксіздігі және тағы басқа себептерден туындап жатыр. 2018-2021 жылдар аралығында Жоғарғы сот департаменті тарапынан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 2,8 млрд теңге сұратылды. Бұл мәселе әзірге шешілген жоқ», - деп түсіндірді Ж.Асанов.

Оның айтуынша, жаңа технологияларды енгізуге адамдардың өздері кедергі келтіруде.

«Біздің құқық қолданушыларымыз цифрлық технологиялардың мүмкіндігін елемей жатыр», - деді ҚР ЖС төрағасы. 

Соңғы жаңалықтар