Жоғарғы сот пара алды деп айыпталған екі судьяны қызметтен босатуды ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жоғары Сот кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында кеңес республикадағы бірқатар жергілікті соттардың штаттық құрылымын өзгертуге келісімін берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Сот төрелігінің сапасын арттыру мақсатында кеңес Шымкент қалалық сотының штаттық құрылымын Солтүстік Қазақстан облыстық сотының есебінен бір штаттық данаға ұлғайтуға келісім берді.

Отырыста сонымен қатар кеңес мүшелері Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстық соттарының төрағалары лауазымдарына үміткерлерді ұсынды.

Бұдан бөлек, кеңес зейнет жасына жеткен судьяның лауазымында қалу мерзімін ұзартуға келісім берді.

Сонымен қатар, кеңес сот алқасының төрағасы, сот төрағасы және бірқатар судьяларды түрлі себептермен лауазымдарынан босату туралы ұсыныс берді.

Солардың ішінде Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Е. М. Ғабдуллин мен Алматы облысындағы Ұйғыр аудандық сотының судьясы Р.А. Сүлейменовты лауазымдарынан босату ұсынылды.

Аталған тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталып, оларға қатысты сот үкімі күшіне енген.


Соңғы жаңалықтар