Жоғарғы сот дәрігерді неге ақтап шыққанын түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы соты дәрігер-анестезиолог Айтхан Үсібалиевті ақтаған үкім жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, дәрігер-анестезиолог А. Үсібалиев өзінің кәсіби міндетін дұрыс атқармағаны үшін науқас өліміне айыпты деп танылған болатын. 2018 жылдың маусым айында қылмыстық құқық бұзушылықтағы айыбы дәлелденбегендіктен, ақталып шықты. Апелляция үкімді өз күшінде қалдырды.

Жоғарғы сот бас прокуратураның наразылығы бойынша қылмыстық істі қарады және шығарылған сот актілерін өзгеріссіз қалдырды.

«Істі қайта қарау Үсібалиевтің кәсіби міндеттерін барлық ережелер мен нұсқаулықтарға сай орындағанын, медициналық көмек көрсету стандарттарын сақтағанын анықтады. Ота жасаудан бұрын науқасқа «цефозалин» препаратына аллергиялық сынама жүргізілген. Аллергиялық реакция көрінбеген және ота барысында йод қолданылмаған», - деп жазды Болат Кальянбеков өзінің Фейсбуктегі парақшасына.

Ота жүргізу барысында қарсы көрсетілімдердің болмағаны науқастың амбулаториялық картасында жазылған. Науқастың өзі поливаленттік аллергиясы барын айтқан және ықтимал қауіптердің болатынын ескеріп, ота жасауға келісім берген.

Жиналған анамнез бен медициналық көрсеткіштерден кейін және науқастың жазбаша келісімінен соң, ота жасау жөнінде шешім қабылданған және ота сәтті жасалған.

«Бұл жағдайда Үсібалиев науқастың қайтыс болатынын болжай алмаған. Бұған дейін науқас екі рет анестезиялық және ауруды басатын препаратты қолданған, ота жасатқан. Сот-медициналық сараптама нақты қандай заттың кенеттен аллерген туғызғанын анықтай алмады. Осылайша, сот Үсібалиевтің жұмысы мен науқастың өлімі арасында байланыс жоқ деп ұйғарып, дәрігерді ақтады», - деп түсіндірді Болат Кальянбеков.

Соңғы жаңалықтар