Жоғарғы сот бұрынғы балабақша меңгерушісін ақтап шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғарғы сот 1 млн теңге айыппұл салынған бұрынғы балабақша меңгерушісін ақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл аудандық соты 2016 жылдың ақпанында 48 жасар Нұржамал Нұрғалиева лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны және қызмет бабында жалған құжат жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Балабақшаның бұрынғы меңгерушісіне бір миллион теңгеден астам (510 АЕК) айыппұл төлеу міндеттелген. Сондай-ақ ол үкім бойынша мемлекеттік қызметпен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылған болатын.

Сотта анықталғандай, балабақшаны басшысы болған Н.Нұрғалиева өтініші бойынша бір қызметкерді жұмыстан босатқан, алайда жалақы мен зейнетақы төлемдерін төлеуді жалғастырған. Ал түскен еңбекақыны өзі жұмсаған.

Жоғарғы тұрған соттар үкімді өзгеріссіз қалдыра келе, Н.Нұрғалиева мекемінің қалыпты қызметі мен жұмыстан номиналды түрде босатылған жұмыскердің орнына алынуы мүмкін басқа тұлғалардың құқықтарын бұзып, мемлекетке 294 мың теңге материалдық шығын келтірген деп көрсеткен.

Айыпталушының айтуынша, ол қаржыны тек балабақшаның қажеттілігіне (балабақшаның қазандығына құбырлар орнату, әк, бояу, линолеум және т.б. сатып алу) жұмсаған. Аталған шығын ғимаратты жөндеуге және мекемеде жаңа жыл мерекесін ұйымдастыруға қажет болған. Балабақша басшылығы білім басқармасынан бірнеше рет жүгінгенімен, аталған шараларға бюджет қаражаты болмағандықтан ақша бөлінбеген. Мұны аудандық білім бөлімінің бухгалтері мен басшысы растады.

Н.Нұрғалиева сотта барлық шығындардың қайда жұмсалғаны жазылған дәптер мен түбіртектерді көрсетті. Мұның барлығы балабақшаның қажеттілігіне жұмсалған шығынға тура келеді.

Жоғарғы соттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы соттардың құқық нормаларын түсіндіру мен қолданудағы бірізділікті қамтамасыз ету, сотталғанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жойды. Қаулы сотталғанның пайдакүнемдік уәжімен басқаларға залал келтіру жоспарының болмағандығын ескере отырып қабылданды. Кәсіпорынның қалыпты қызметі мен басқа тұлғалардың құқықтарын бұза отырып, сотталғанның мемлекет мүдделеріне айтарлықтай залал келтіргендігі туралы тұжырымды негізсіз деп танылды.

Сотталғанның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі жүргізу тоқтатылды. Н.Нұрғалиеваға қылмыстық процесті жүргізген органның заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген залалды өндіріп алу құқығы түсіндірілді.

Екі жылға созылған сот талқылауларынан кейін әйелдің сотта өз пайдасына шешім шығатындығына қатысты үміті азайған болатын. Жоғарғы соттың ақтау үкімін естігенде, ол өзінің таңданасын жасырмады. Қуаныштан сот залында Нұржамал көзіне жас алды.

 

Соңғы жаңалықтар