Жоғарғы сот апостиль қоюға құжаттарды беру процесін автоматтандырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы соты апостиль қоюға құжаттарды беру процесін автоматтандырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғарғы сот баспасөз қызметінің мәліметінше, ппостиль қоюға өтінішті қабылдау «Электрондық үкімет» веб-порталы egov.kz арқылы жүзеге асырылатын болады.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген түзетулерге сәйкес «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін сонымен бірге электрондық нысанда көрсету қарастырылған.

Осыған байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына тиісті түзетулер әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге ұсынылды», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, стандарт жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар