Жоғарғы Бас Қолбасшы кубогы: Қоян-қолтық ұрыстан IV Ашық республикалық турнир өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қоян-қолтық ұрыстан және әскери қоян-қолтық ұрыстан ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының кубогы сарапқа салынатын IV Ашық республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Турнир Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өтеді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы кубогында күш сынасу үшін ашық турнирге 30 құрама команда сапында 400-ден астам спортшы қатысады.

Турнирдің финалдық кезеңіне Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының президенті - ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қатысады.

Соңғы жаңалықтар