Жоғалып кеткен спортшы қыз табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жоғалып кеткен 16 жастағы спортшы қыз табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы еріктілердің ұйымының Фейсбуктегі парақшасында жазылған.

Семсерлесуден спорт шеберіне кандидат Анастасия Смирнова Назар есімді досымен Алматы тауларында жүрген жерінде табылды.

«Еріктілерді көре сала екеуі таудан секіріп кетті. Ұйымның жетекшісі Ислам Угушев Анастасияның артынан секіре кетті. Екеуі 15 метрдей тау-таспен құлдилай жөнелген. Ислам Анастасияны ұстап алды. Бірақ екеуі де жарақат алып, Шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасына жатқызылды», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, спортшы қыз Қырғызстандағы спорттық жарыстан келген соң досымен кездесуге кетіп, содан үйінеоралмаған . Қыздың анасы Екатерина Смирнованың айтуынша, 23 шілде жексенбі күні бойжеткен кешкі сағат 8 -00-дер шамасында үйінен шығып кеткен. Анасына бір досымен кездесетінін айтқан.

Соңғы жаңалықтар