Жоғалып кеткен малайзиялық Air Asia ұшағы рейсіне 23 адам тіркелмей қалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзиялық AirAsia компаниясының жоғалып кеткен ұшағындағы жолаушылар тізімін түгендеу кезінде бұл рейске 23 адамның тіркелмегені анықталды. Мұндай мәліметтер Strait Times газетінің электрондық нұсқасында жариялады.

Басылымның ақпаратынша, ұшаққа отыруға тіркелмегендердің арасында 4 бала, 8 әйел және 11 ер адам болған.

Ал тіркелген 155 адамның барлығы ұшақтың ішінде болған, деп нақтылайды газет, соның ішінде 68 ер адам, 70 әйел, 16 бала және бір нәресте болған, деп хабарлайды ТАСС.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, әуе диспетчерлік қызметі Малайзияның Air Asia әуе компаниясының индонезиялық Сурабая қаласынан Сингапурге ұшып шыққан ұшағымен байланысты жоғалтып алған. Джакартаның командалық-диспетчерлік пункті мен QZ 8501 рейсі арасындағы байланыс жергілікті уақыт бойынша сағат 06.17-де үзілді. Малайзиялық әуе компаниясының Air Asia ұшағы ауа райының қолайсыздығы салдарынан Белитунг аралының маңындағы суға құлаған, деп жазады РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап .

Соңғы жаңалықтар