Жоғалып кеткен қостанайлық зейнеткер табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жоғалып кеткен әулиекөлдік зейнеткер теміржол торабынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, зейнеткер саңырауқұлақ теру үшін орманға кетіп, содан оралмаған.

«Жоғалып кеткен ер адам Аманқарағай ауылындағы теміржол бойынан табылды. Орманда адасып қалған», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, 73 жастағы зейнеткерді іздеу үшін полицейлер мобильді топ құрған. Іздеу жұмыстарына волонтерлер де атсалысты.


Соңғы жаңалықтар