Жоғалып кеткен Анна Чакиртова саяжайдан табылған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен продюсердің бүгінге дейін қайда болғаны туралы суретші Камила Нұғманова Инстаграм парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүкіл Алматы болып іздеген «Томирис» фильмінің продюсерінің басынан өткен оқиға жайлы Камила Нұғманова баяндап берді.

«Анна 2 шілде күні бас аурудың дәрісін алуға дәріханаға шыққан. Ұялы телефонын үйде қалдырған. Жол-жөнекей такси ұстап ескі отбасылық саяжайға бет алған. Сол жерде түнеп, таңертең жүргізуші шақырып жұмысқа бармақ болған. Жол бойы Анна өзін өте нашар сезінеді. Діттеген жеріне жеткен әйел қалта телефонын үйде ұмыт қалдырғанын сол жерде бір-ақ біледі. Дәрісін қабылдап, саяжайда есі шығасылы-кіресілі 4 күнді өткізеді. Қазір әйелдің жағдайы тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында. Ол Алматының бір ауруханасында жатыр», - деп жазды Камила Нұғманова

Суретші Аннаның өз-өзіне келуі үшін біраз уақыт пен демалыстың қажеттігін атап өтті.

Еске сала кетсек, Аннаның ұлы Алан анасының табылғаны жайлы ҚазАқпарат тілшісіне хабарлаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар