Жоғалып кеткен ақтөбелік тәрбиеші Алматыдан табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының тұрғыны Айдана Мұхаммеджанова бір айдан соң Алматыдан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Егіз қызы бар балабақша тәрбиешісі Айдана Мұхаммеджанова жұмыстан сұранып кетіп, үйіне оралмады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Айша мен Бибі атты егіз қыздың анасы үйінен бірнеше рет кетіп қалып, отбасымен қайта татуласып жүрген. Соңғы рет 28 тамыз күні жұмысқа барып, кейін із-түзсіз жоғалды.

«2-3 қазан аралығында ҚР ІІМ мен ТМД елдерінің ІІМ бірлесіп, «Іздеу» мемлекетаралық жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жоғалып кеткен Айдана Мұхаммеджанова Алматы қаласынан табылды»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, Айдана Мұхаммеджанованың туған-туыстарына келіндерінің табылғаны туралы хабар жетпеген.

Соңғы жаңалықтар