Жоғалып кеткен 72 жастағы кейуана табылды - Петропавл

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған 72 жастағы зейнеткер аман табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1948 жылы туған Любовь Харитонованы полицейлер мен волонтерлер бір тәулік бойы іздеді. Ол 1 шілде күні сағат 13.00-де Петропавлдағы Жұмысшы кенті Лазутин көшесіндегі үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Зейнеткердің жоғалғандығы жөнінде туыстары хабарлады. Ұмытшақтық ауруына шалдыққан кейуана қаланың екінші аумағында, Бензострой кентінде табылды.

«Екінші күні Бензострой ауданында табылды. Өнеркәсіптік аймаққа шығып кетіпті. Теміржолдың бойымен кетіп бара жатқан. Енді болмағанда қаладан шығып кетеді екен. Табылған кезде «қайда бара жатырсыз?» деп сұрағанда, «үйге бара жатырмын» деп айтты. Тоқтаусыз жүре берген сыңайлы», - дейді СҚО ПД баспасөз хатшысы Динара Сағындықова.



Соңғы жаңалықтар