Жоғалған тікұшақ Аягөзден 60 шақырым жерден табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жоғалған тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік батысқа қарай 60 км жерден табылды, деп хабарлайды ТЖК-ның баспасөз қызметі.

Апат болған жерді бүгін Алматы облысынан іздеуге аттандырылған жеке компанияның МИ-2 тікұшағы тапты.  Ми-2 Айғыз ауылының маңын айналып ұшып жүрген болатын.
«Қазаэронавигацияның» мәліметінше, жоғалған тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік батысқа қарай 60 км жерден табылды. Олардың хабарлауынша,  ұшқыш қаза тапқан. Бір жолаушы аман қалған, оны Айғыз ауылына жеткізеді. Ал борттағы үшінші адам туралы ақпарат нақтылануда.

ШААЖҚЖ  мен ШҚО ТЖД құтқарушылары жер бетімен апат орнына бара жатыр. Көлік қозғалысына ауа райы қолайсыздығы мен жолдың болмауы кедергі келтіруде.

Еске сала кетсек, кеше кешке жеке адамға тиесілі С-341 тікұшағының ұшқышы байланысқа шықпай қалды. Оны іздеуге бүгін таңертең облыс орталығынан бортында құтқарушылар тобы және ШҚО ТЖД басшысының орынбасары бар МИ-8, Семей қаласынан МИ-17 әскери тікұшағы ұшып шықты.  ШҚО ТЖД дағдарыс орталығында және Аягөз ауданында жедел штаб құрылды.

Іздестіру жұмыстарына ШҚО ТЖД жеке құрамынан және аудандық ІІБ 29 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Жерігілікті атқару органынан 10 адам және 5 техника шықты.

Соңғы жаңалықтар