+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Жоғалған альпинистерді іздеу: Қорғаныс министрлігі соңғы мәліметтерді жариялады

2019 жылғы 23 тамыз 17:15
Бөлісіңіз:
Жоғалған альпинистерді іздеу: Қорғаныс министрлігі соңғы мәліметтерді жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрлігі Тянь-Шаньда жоғалған альпинистерді құтқару операциясы туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Альпинистерді іздестіру: Мақсұт Жұмаев бүгінгі жұмыстардың нәтижесін айтты

«Әскери альпинистер тобы 19-22 тамыз аралығында Тянь-Шань жотасының Жеңіс шыңы ауданында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясынан оралды. Операция жетекшісі, аға лейтенант Василий Пивцов, капитан Мақсұт Жұмаев пен майор Аманжол Рахметов 15 тамызда жоғалып кеткен Александр Чечулин, Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев үштігін іздеген болатын. Әуелі Жеңіс шыңының базалық лагеріне ұшып шығатын топ жасақталып, дайындалды. 19 тамыздың таңында әскери альпинистер Қарқара базалық лагеріне қонды. Алайда ауа райы іздеу жұмыстарын еркін жүргізуге мүмкіндік бермеді.

20 тамызда күн ашылып, операция жалғасты. Әскери альпинистер жоғалған топ орналасуы мүмкін деген аумақтың үстінен 14 рет ұшып өтіп, 5100-6000 метр биіктікте әуеден шолу жасады. Жерге 70 метрге дейін жақындап, тепловизорлардан алынған ақпаратты көзбен шолып қарау және талдау да нәтиже берген жоқ. Аман қалған адамдар ға қатысты белгілер табылмады.

Жеңіс шыңының үлкен аумаққа жайылып жатуы іздеу жұмыстарын қиындатуда. Опер ация барысында ауа райы да құбылып тұрды. Жауын-шашын молынан жауып, қардың қалыңдығы 1,5 метрге жетті. Осылайша көшкін қаупі төнді. Мұндай кезде жаяу топ жіберу орынсыз еді», - делінген министрліктің есебінде.

Министрліктің баспасөз қызметі алпинистердің Жеңіс шыңына 14 тамыз күні-ақ ауа райы құбылғанын айтады.

«Ауа райы сол кезден бастап бұзылды . 15 тамыз күні Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев шамамен 6600-6900 метр биіктіктен соңғы рет байланысқа шығып, Александр Чечулиннің қайтыс болғанын хабарлады. Альпинистер паналаған шатыр мен өзге де құралдарды жел ұшырып әкеткендіктен, суықтан қорғану үшін қарды үңгіп паналаған болатын. 18 тамызда «Ақсай Тревел» туристік компаниясының МИ-8 тікұшағы да әуеге көтеріліп, ештеңе таппай қайтқан. Тауда бірнеше рет көшкін жүрді», - делінген ақпаратта.

Жоғалған альпинистер туралы мәлімет:

Өтепбаев Мұрат Матайұлы - 1970 ж. т., альпинизм бойынша спорт шеберлігіне үміткер, 3 санатты нұсқаушы. 15 мәрте 5-ші дәрежелі және одан күрделі биіктіктерді бағындырып, 11 рет «жеті мыңдық» шыңға шыққан. Соның ішінде өзі жоғалған Жеңіс шыңы да бар (7439м). Өзі де талай рет құтқару операцияларына қатысқан.

Еске салсақ, алматылық Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және көз жұмған Александр Чечулин Қырғызстандағы «Жеңіс» шыңында қарлы бораның астында қалған.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тауда қазақстандық альпинистер тобының жоғалып кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылық білдірді.

Кейінірек жоғалған альпинистердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады .

Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастады .

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі, капитан Мақсұт Жұмаев Қырғызстан тауларында жоғалған қазақстандық альпинистерді іздестіру жұмыстары туралы айтқан болатын.

Ауа райының қоласыздығы алматылық альпинистерді іздеуге кедергі келтірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT