+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Жоғалған 18 жастағы қыздың ата-анасы өз күдіктерін айтты

2017 жылғы 7 тамыз 14:51
Бөлісіңіз:
Жоғалған 18 жастағы қыздың ата-анасы өз күдіктерін айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда медициналық университет талапкері 18 жастағы Назерке Әріп жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол соңғы рет «Достық плаза» сауда үйі маңынан көрінген. Қыздың ата-анасы ұрлап кеткен болуы мүмкін деп отыр.

Назерке Әріп Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында тұрады. Жоғалған күні ол ағылшын тілі бойынша курсқа қатысу үшін үйінен сағат 16:00-де шығып кеткен. Келесі күні полицейлер оның ұялы байланыс телефоны арқылы соңғы болған орнын анықтаған.

«Телефон нөмірін бақылау арқылы оның соңғы рет 10 шілде күні Гурилева-Татибекова-Рысқұлова-Айша бибі көшелері маңында болғаны анықталды. Меніңше, Назерке таксимен жететін жеріне жете алмай қалған», - деді қыздың әкесі.

Қыздың ата-анасы оның жоғалғаны туралы полицияға арызданған.

«Ата-анасының арызы бойынша іс қозғалды. Медеу ауданы ІІБ қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Назеркенің ата-анасы жұртшылықтан көмек сұрап, көрген-білгендер болса хабарласуларын өтінеді.

«Егер Назерке жайлы қандай да ақпарат білсеңіздер 87027516977, 87754820550, 87753655301 телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз», - деп жазды ағайындары.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Серік Жолдасбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT