Жоғалған 15 жасар қыз екі күннен кейін табылды -Түркістан облысы

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Әйелдің айтуынша, оның 15 жасар қызы мектептен тісімді емдетемін деп сұранып кетіп, содан із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ата-анасы өздігінен 2 күн бойы іздеп, таппағаннан кейін полицейлерден көмек сұраған.

Аталған хабарламаны алысымен полицейлер бірден іздеуге кіріседі. Көрген-білгендерден сұрастырады. Баруы мүмкін жерлер мұқият тексеріледі. Достарынан, туыстарынан жауап алынады.

Жақын аумақтағы аулалар қаралады. Осылай жан-жақты 2 тәулік бойы жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында, Арыс қаласының көшелерінің бірінен қызды тауып, ата-анасына аман-есен табыстайды.

Тексеру барысында, жасөспірім қыз отбасылық кикілжіңнен қашып, бірнеше күн қаладағы аулалардың бірінен жасырынатын қуыс тауып алып, сонда далада қонып келгенін жеткізді. Қазіргі таңда оқушы қыздың ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен шара көру мәселелері қаралуда. Одан бөлек, 15 жастағы бойжеткеннің бұдан алдында бір рет үйінен кетіп қалғаны белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар