+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Жітіқара қаласында мұз астына түсіп кеткен екі бала көз жұмды

2019 жылғы 11 қараша 08:50
Бөлісіңіз:
Жітіқара қаласында мұз астына түсіп кеткен екі бала көз жұмды

ЖІТІҚАРА. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Жітіқара қаласында екі кішкентай бала мұз астына түсіп кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Қайғылы оқиға кеше болған. Полицейлер жасанды су қоймасынан үш баланы алып шықты. Олар мұз үстінде ойнап жүргенде жұқа мұз ойылып, жеткіншектер абайсызда суға түсіп кеткен. Көл жанында балалар ойнайтын алаң бар.

«Куәгер әйелдің айтуынша, балалар қатты қорқып, байбалам салған. Сол кезде бір ер адам жүгіріп келіп, суға секіріп, балаларды құтқармақ болды. Ол уақытта куәгерлер полиция мен жедел жәрдемді шақырып үлгерген болатын. Полицейлер суға түсіп кеткен балалардың барлығын алып шығып, дәрігерлерге тапсырды. Көлдің тереңдігі – 2 метр» делінген хабарламада.

Алайда, аудандық ауруханаға жеткізілгеннен кейін 2014 және 2013 жылы туған екі бала суық тиіп қаза тапты. 2011 жылы туған бала дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы орташа ауыр. Сондай-ақ балаларды құтқаруға күш салған 1954 жылы туған азамат та ауруханада жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT