Жинақтаушы зейнетақы салымшыларының инвестициялық табысы 872 млрд теңгеге жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының жыл басынан бергі инвестициялық табысы 872 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2020 жылғы қаңтар-тамызда 1 440,9 млрд теңгеге немесе 13,3%-ға артып, 12 241,4 млрд теңге болды»,– деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

2020 жылдың басынан бері таза инвестициялық кіріс 871,9 млрд теңгені құрады. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 11 млн-ға жетті.

2020 жылғы қаңтар-тамызда зейнетақы төлемдерінің сомасы 117,5 млрд теңге болды.

2020 жылғы 1 қыркүйекте БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары және Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 43,5%-ы және 26,4%-ы) алады.


Соңғы жаңалықтар