Жиһаз жасауға жалған келісімдер жасап келген павлодарлық ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін корпустық жиһаз дайындау шеберханасында жұмыс сітеген күдікті азаматтардан тапсырыстар алып, олармен келісімдер орнатқан. Жұмыстан шығып кеткен соң, жас азамат тапсырыс берушілердің оның ұялы телефонына жарнама бойынша қоңырау шалғанын пайдаланып, олармен жалған келісімдер орнатып, алдын ала төлем қабылдаған.

Павлодардың жеті тұрғынына бір миллион теңге көлеміндегі сомаға материалдық шығын келтірілді. Тапсырыс берген жиһазы жоқ, ақшасын қайтара алмаған клиенттер полицияға шағымданды.

Күдікті азамат ұсталып, кінәсін мойындады.

Барлық орнатылған фактілер бойынша 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-тармағындағы 2-тармақшасы бойынша сот алдындағы тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар