Жиһадты қарумен емес, бизнеспен жасау белең алып барады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Дерт дендеп кіріп, мысқалдап шығады демекші, қай қоғамды болмасын ішкі тұтастығын бұзатын құбылыс бастапқыда түкке тұрмайтын елеусіз дүние боп көрінері сөзсіз.

Сондай қой терісін жамылған қасқыр сипат алған құбылыстардың бірі экстермизм десек те болады. Өйткені, қазіргі дамыған заманда ешкім экстремизмді ашықтан ашық бөтен елге келіп насихаттай алмайды. Бірақ, деструктивті күш иелері оны басқа қырынан бойлатудың қыр сырын меңгере бастаған.

Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің Діни экстремизмге қарсы орталығының директоры Асқар Сабдин бүгінгі таңда діни экстремизмді жүргізудің бір құралы ретінде бизнесті атады.

Неге бүгінде қоғамды дүрліктіру мақсатында экстремистік күштер экономика арқылы кіре бастады, шындығына келгенде ислам діні күнкөрістің қамынан әлдеқайда жоғары тұр емес пе ?

Діни экстремизмді ешбір күштер ашықтан ашық жүргізе алмайды. Қазір оны таратудың басқа тәсілі пайда болды. Ол экономикалық тұрғыда жасырын қаржыландыру арқылы келеді. Мәселен адам белгілі бір деструктивті ағымға кірді делік, оның көсемдері шетелде. Олар жақтастарын материалдық қажеттілік жағынан тұсаулайды. Ең бір ерекшелігі - ақшаны тікелей аудармайды. Мысалы, ол өзінің елінде 1 млн қалам сатып алады. Қайырымдылық қоры ретінде. Сіз келесіз, қаламның нарықтағы құны 500 теңге, ал ол сізге 100 теңгеге сатады. Ар жағындағы 400 теңгесін жасырын қаржыландырып жатыр. Сіз бәсекелестеріңізден әлдеқайда көп табасыз.

Бұның бәрі бәсекені қолдау органдарының назарынан тыс қала ма, қалайша бұған тұсау салуға болады?

Кеден, салық органдары ешқандай уәж айта алмайды. Негіз жоқ. Телефонның бөлшектері солай келеді. Машина саймандары да жасырын қаржыландыру арқылы келіп жатыр. Құқық тұрғысынан ешқандай қақтығыса алмайсыз. Ал сол сатушыларға ұстанымы басқа кәсіпкер барса, бірінші ақидаң қандай деп сұрайды. Егер ақидаң басқа болса, сізге қалам 400 теңгеден сатылады. Мұны заң бойынша әшкерелеу мүмкін емес. Қазақстандағы ағымдар жиһадты қарумен емес, бизнеспен жасау керек деген ішкі шешімге келген. Бизнес арқылы қаруға, коррупцияға келеміз. Осыдан барып діни мазмұндалған сыбайлас жемқорлық деген сөз шығады.

Биылдың өзінде бірқатар белгілі тұлғалар осы іс бойынша істі болды. Шымкентте, БҚО-да осындай оқиғалар көпшілікке белгілі. Тіпті бұл жолда жат ағым өкілдері сыбайлас жемқорлықтың өзін ақтап алады. Шенеунікткерге сыйлық берсе де, Алла жолында берілген сыйлық деп санайды. Орысша айтқанда, «цель оправдывает средства». Белгілі адамдарға жақындап, өз ағымын Қазақстанға кіргізеді. Мұның бәрі қазір барлық органдарға белгілі дүние. Қоғам да бәрін біліп отыр. Шындап келгенде коррупцияның сол түрі түбі лаңкестікке апарады.

Сонда Исламды жамылып, қылмысты жақтауға да бола ма?

Иа, қазір солай болып тұр, жастар арасында қылмысты заңдастыруға болады. Не оқуы, не жұмысы жоқ жастар көп. Өзара жігіттер амалияға барып келейік, әрекет қып келейік дейді де мысалы мұнай құбырына тесік жасап, мұнай ұрлайды. Такси жүргізушілерін, бизнесмендерді есепке отырғызады. Идеологияны таратады. Жақтастарын көбейтеді.

Сұхбатыңызға рахмет !













Соңғы жаңалықтар