Жигули Дайрабаевтың үгіт-насихат науқаны талқыланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының республикалық қоғамдық штабының отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың үгіт-насихат науқанының барысы талқыланды. Іс-шараға партияның өңірлік филиалдарының басшылары, өңірлік штабтардың басшылары мен мүшелері қатысты.

Бұл туралы ҚазАқпарат «Ауыл» ХДПП сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Ауыл» партиясы үгіт-насихат науқаны аясында еліміздің барлық 20 өңірінде, барлық 88 қалада және 166 ауылдық жерде үгіт-насихат шараларын ұйымдастырады. Өңірлік штабтар 2 500-ден астам іс-шараны қамтитын үгіт-насихат жоспарын әзірлесе, оның 70%-ы өткізілді.

Бүгінде Жигули Дайрабаев бастаған топ өкілдері Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Жетісу, Алматы, ШҚО, Абай облыстарының сайлаушылармен кездесті. Кандидат әр аймақтың тұрғындарымен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын баяндап, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.


Соңғы жаңалықтар