Жигули Дайрабаев елордада «DANMARD» ЖШС ұжымымен кездесті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев елордада «DANMARD» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында кандидат кәсіпорын жұмысшыларымен еңбек адамының рөлін көтеру мәселесін және елдегі жеңіл өнеркәсіп жағдайын талқылады. Өзінің саулауалды бағдарламасына қатысты сұрақтарға жауап берді.

«DANMARD» ЖШС әскер мен өрт сөндірушілерге киім тігеді. Кәсіпорын бүгінде өзіндік өнім өндірісін дамытып, жетілдіруге ден қойып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар