Жигули Дайрабаев Екібастұздың орталық базарына барды

None
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Бүгін Жигули Дайрабаев Павлодар облысы Екібастұз қаласының базарында болып, аймақтық азық-түлік нарығындағы жағдаймен танысты.

Кандидат сатушылармен, сатып алушылармен, өнім жеткізушілермен кездесті. Олардың ел өміріне қатысты пікірлерін тыңдады.

Сатып алушылар тарапынан бағаға қатысты көптеген сұрақ болды.

Негізінен бағаның тұрақсыздығы, оның үнемі көтерілетіні, тауардың қымбаттығы туралы айтылды.

Сатушылардан отандық тауар өндірушілерден тауарларды жүйелі түрде жеткізу жоқ, сондықтан импорттық дайын өнімдермен жұмыс істеуге тура келеді деген шағым болды.

Бұдан кейін кандидат қалалық ақсақалдар кеңесімен кездесті. Олармен шахмат ойнай отырып, әңгімелесіп, біршама мәселені талқылады.

Ақсақалдар кандидатқа зейнетақы активтерін басқаруды қалай жоспарлайтыны жайында сұрақ қойды.


Соңғы жаңалықтар