Жиені тәтесінің миллион теңге тұратын алтынын ұрлаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың «Алматы» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері құны 1 млн теңге тұратын зергер бұйымын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны қымбат әшекейлерді ұрлау фактісі бойынша полицияға хабарласқан. Тергеу барысында полиция зергерлік бұйымдарды қонаққа жиі келіп жүрген жиені ұрлап кеткенін анықтады.

32 жастағы туысы бірнеше бұйымын алып, оларды ломбардқа өткізген. Алтындардың иесі олардың жоғалғанын байқамаған, сөйтіп ұрлық бір айға созылған.

Полицейлер ұстаған ер адам өз кінәсін мойындады. Жиенінің айтуынша, ол барлық қаражатты спорт бәстеріне тіккен.

Ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның елорда аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар