Жібек жолы халықаралық академиясының құрылтайшылық құжатын 30-ға жуық ел рәсімдеді

None
None
ЦИНДАО. ҚазАқпарат - Жібек жолы халықаралық академиясының құрылтайшылық құжатына 30-ға жуық ел қол қойды. Бұл туралы бүгін Қытайдың Циндао қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің өзара іс-қимылымыздың мәдени-гуманитарлық, ғылыми интеллекті қарқынды даму үстінде. Бұл тұрғыда өткен жылы Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» форумында жария еткен Жібек жолы халықаралық академиясы бастамасының жүзеге асырылғанын атап өтемін. Бүгінде шамамен 30 елдің ғылыми мекемелерінің өкілдері аталған академияны құру жөніндегі құрылтайшылық құжатқа қол қойды. «Бір белдеу, бір жол» жобасына ғылыми-сарапшылық қолдаумен айналысуға дайынбыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Отырыста Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ның стратегиялық басымдығын атап,

Жаңа технологиялар бойынша тәжірибе алмасатын алаң құруды ұсынды.

Айта кетейік, отырысқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Қырғыз Президенті Сооронбай Жээнбеков, Пәкістан Президенті Мамнун Хусейн, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди, ШЫҰ-ғы байқаушы мәртебесі бар Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Иран Президенті Хасан Роухани және Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттула және бірқатар халықаралық ұйымның басшылары қатысуда.

Кеңейтілген құрамдағы отырыстан кейін саммиттің басты құжаты Циндао декларациясы қабылданып, 20-дан астам құжатқа қол қойылмақ. Оның 17-сін Мемлекет басшылары рәсімдейді.

Соңғы жаңалықтар