Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.29 EUR 426.40
RUB 5.93 CNY 56.58
Jańalyqtar

Жібек жолы елдерінің «Дін және өркениет» жобасын қолға алуы маңызды - Серікбай қажы Ораз

2019 жылғы 11 сәуір 12:25 248
Бөлісіңіз:
Жібек жолы елдерінің «Дін және өркениет» жобасын қолға алуы маңызды - Серікбай қажы Ораз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жібек жолы елдерінің Діни басқармалары арасында «Дін және өркениет» жобасын қолға алу маңызды.  Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан  "Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заманғы сын-қатерлер" тақырыбындағы IV халықаралық діни-ғылыми конференция барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Орынбор архивінде Кейкі мерген туралы деректер бар - ғалым Ақтөбеде «Хан моласы» қоршалып, Жаманшың кратеріне экспедиция жіберіледі

«Тарихынан тағлым алған, ал тарихи тұлғалардан тәлім көрген ұрпақ діні мен дәстүрін үйлестіріп, өнегелі өмір сабақтастығын қалыптастырмақ. Бұл бастама таришы ғалымдар мен дін ғұламаларының Жібек жолы тарихын ғибраттың көзімен қайта зерттеуін қажет етеді. Бұл жұмысты жүйелі жүзеге асыру үшін Жібек жолы елдерінің Діни басқармалары арасында «Дін және өркениет» жобасын қолға алудың маңызы үлкен. Аталған жобалар мен ұсыныстарды талқылау үшін арнайы бірлескен жұмыс тобын құруды ұсынамын», - деді Серікбай қажы Ораз.

Оның атап өтуінше, Ұлы Жібек жолының  көп бөлігі Орталық Азия мен Қазақстан жерінде орналасуы халқымыздың мәдениетін, рухани мұрасын байыта түсті. Қазақ топтырағында жазу, сәулет, қол өнерінің дамуына оң әсерін тигізді.

«Осынау оң үдеріс байырғы бабаларымыздың интеллектуалды өміріне өзгеріс әкелді. Алысты жақын етіп, Орталық Азия мен Еуропаны байланыстырған сауда жолының бойында тарихи мешіттер мен кесенелер бой көтерді. Отырықшылық мәдениет қалыптасты. Осы кезеңде пайда болған Отырар, қазіргі Түркістан, Сауран, Сайрам, Тараз сынды қалалар тек сауда жолы болып қалмастан дүниежүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты», - деді еліміздің Бас мүфтиі.

Айта кетейік, конференция барысында ҚМДБ төрағасы Ұлы Жібек жолы елдерінің рухани картасын жасауды ұсынған болатын.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT