+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

«Жібек Жолы – диалог жолы» халықаралық экспедициясы жолға шықты

2019 жылғы 20 тамыз 22:31
Бөлісіңіз:
«Жібек Жолы – диалог жолы» халықаралық экспедициясы жолға шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда «Жібек Жолы – диалог жолы» атты халықаралық экспедицияға қатысушылар жолға шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Экспедицияны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің тапсырысымен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастыруда.

Экспедицияның басталуына орай бүгін Visit Almaty туристік ақпараттық орталығының баспасөз орталығында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ маркетинг, цифрландыру және байланыс бөлімінің менеджері Д. Тегенбаев, экспедиция жетекшісі Ә. Ахмеджанов, жолнұсқаушы Б. Ізмағамбетов және «QazaqGeography» РҚБ баспасөз қызметінің қызметкері А. Жұматаева баспасөз мәслихатын өткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның негізгі мақсаты — экспедиция кезінде туристік нысандарды тізбектеу, инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу және жаңа трансшекаралық бағыттарды құру арқылы ішкі және сыртқы туризмнің әлеуетін дамыту. Шетелдік қонақтар Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан тарихымен танысуға және осы аумақта өмір сүрген байырғы халықтар мәдениетін тамашалауға қызығушылық танытады.

Аталмыш экспедиция ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның мәдени-географиялық объектілерінің туристік әлеуетін пайдалану міндетін толық жүзеге асырылуына едәуір үлес қосатындығын атап өткен жөн.

Баспасөз конференциясынан кейін кәсіпқойлар тобы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан бағытынан тұратын он үш күндік экспедицияға аттанды. Экспедиция құрамында білікті журналисттер, фотографтар, телеарналардың түсірілім тобы, туристік блогерлер мен туроператорлар бар. Сапардың нәтижесі бойынша еліміздің табиғи нысандары бойынша жаңа туристік бағыттар, сапалы фото-және видеобанктер құрылады. Болашақта бұл ақпарат көршілес Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің және отандық туркомпанияларға берілетін болады.

Экспедиция құрамы келесі бағыт бойынша жүріп өтпек: Алматы қаласы – ҮАК – Есік аңғары – Шарын шатқалы – Көлсай – Қаракөл – Каджи-Сай – Токмок – Суусамыр – Талас – Тараз – Ақмешіт үңгірі – Сауран – Түркістан – Арыстан-баб – Отырар – Шымкент – Ташкент – Самарқан – Қазығұрт – Мерке – Таңбалы – Алматы қаласы.

Қатысушылардың ерекше саяхаты Алматы облысының көрнекі жерлерінен басталады: Үлкен Алматы көлі (БАО), «Медеу», «Шымбұлақ», Шарын шатқалдары. Одан әрі «Тянь-Шаньның көк маржаны» аталып кеткен Көлсай көлдеріне қарай жол тартады. Үшінші күні Қырғызстан шекарасынан асу жоспарланған. Үш күн бойы қатысушылар Ыстықкөлдің әкімшілік орталығын және Қаракөл қаласын, Жеті-Оғыз шатқалын, Теріскей Ала-Тоо жотасының солтүстік баурайында орналасқан Барскоон шатқалын аралайды.

Әрі қарай қатысушылар Ұлы Жібек жолының орталығында орналасқан Азия мен Еуропа арасындағы сауда жолдарын біріктірген Ежелгі Таразға табан тірейді. Мұнда олар көптеген тарихи ескерткіштермен танысады: Қарахан кесенесі, ежелгі сәулеттің нағыз жауһарлары — Бабажи-хатун мен Айша бибі кесенелері, Ақыртас және ежелгі Тараз археологиялық кешені, т.б. Сондай-ақ, ашық аспан астындағы археологиялық ескерткіш, ЮНЕСКО-ның қорғауындағы Отырар қалашығына барады. Одан әрі қатысушылар көршілес Өзбекстанның ерекше жерлерін аралап өтпекші. Жоспар бойынша, жоба 1-қыркүйекте Алматы қаласында аяқталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT