«Жібек жолы - 2018» ралли-марафонының жолы тексерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ралли дирекциясы бағытты шолу тобы биыл Қытайдан Ресейге дейін жалғасатын (2018 жылы 15-27 шілде) «Жібек жолы - 2018» ралли-марафоны үшін жол салуды аяқтады, деп хабарлайды СИА ">"SPORTINFORM" САА Silk Way Rally баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2016 жылы трансұлттық марафонының қатысушылары «Жібек жолын» әлемдегі ең қиын жарыс деп атаған болатын.

Еске салайық, екі жыл бұрын Silk Way Rally 2016 маршруты Қазақстанның Қостанай, Астана, Балқаш, Алматы қалалары, 2017 жылы Қостанай, Астана, Семей, Үржар арқылы өткен еді.

Жарыстың маршруты қайда өтетіні және жолдың қалай төселетіні туралы шешім оның алдындағы жарыс аяқталған кезде қабылданады.

Таңдалып алынған негізгі маршрут әр елді бірнеше рет басып өтеді. Бұл маусымда шолушылар тобы немесе «рекконессанс» командасы Қытайға Toyota Hillux жол талғамайтын көлігімен жолға шықты. Олар жолмен танысып, жол кітабын («роуд-бук») жасады.

Ралли-марафон маршрутына шолу жасайтын халықаралық команданың жұмысына жарысушылар үшін бағыттың қиындығы және қызықтылығы, қатысушылар, көрермендер және жергілікті тұрғындар үшін жолдың қауіпсіздігі, экологиялық және заңнамалық нормалардың орындалу талаптары жатады.

Маршруттың Қытайдағы бөлігінде жарыстың бес кезеңі болады. Жарысушылар құмды жол арқылы Гоби шөлімен жүріп өтеді.

«Реконессанс» тобы маршруттың қытайлық бөлігіне шолу жасағаннан кейін, марафонның бес кезеңі өтетін Ресей жолдарын қарап шықты. Жарысқа қатысушылар Астрахандағы құм мен Волго-Дон даласымен жүріп, Қызыл алаңға келуі тиіс.

Айта кетейік, биыл трансқұрлықтық жарыс Қазақстан аумағында да болады. Ралли Қытайдың Сиан қаласында басталып, Мәскеуде аяқталады.

Соңғы жаңалықтар