Жібек Мусинованы зорлағандарға қатысты сот тергеуі қайта жалғасатын болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Сот сарапшыларынан қосымша жауап алу үшін Жібек Мусинованы зорлағандарға қатысты сот тергеуі қайта жалғасатын болды.

Судья  Ерлан Баймулдинов келесі сот отырысы 18 қараша күні өтетінін  мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгін сағат 17:00 де Жібек Мусинованы зорлаған күдіктілерге қатысты сот үкімі оқылуы тиіс еді. Алайда, процесс кейінге шегерілді.

Есіктегі «зорлау» оқиғасына байланысты мемлекеттік айыптаушы төрт айыпталушыны 11 жылдан бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Жібек Мусинованың анасы әлеуметтік желі арқылы қызын бірнеше адам зорлап кеткендігі жөнінде хабарлап, халықтан араша түсуін сұраған еді. Қоғамның үлкен талқысына түскен қылмыстық істі облыстық ІІД  өз бақылауына алған болатын.
null  

Соңғы жаңалықтар