Жібек Мусиноваға тіл тигізгендерге айыппұл салынды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Есік қаласында қыз зорлау оқиғасына қатысты соттың соңғы отырысы шумен аяқталған еді. Еңбекшіқазақ аудандық сотында үкім оқылғаннан кейін сотталушылардың туыстары жәбірленуші Жібек Мусинованы балағаттап, жеке басына тіл тигізді. Осы әрекеттері үшін Ж.Жалымбетов және Д. Мырзабеков әкімшілік жауапқа тартылды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жәбірленушіні балағаттағаны үшін олардың әрқайсысына 10 АЕК, демек 21 210 теңге көлемінде айыппұл салынды. Әкімшілік іс қаралғаннан кейін, аталған екі азамат өз кінәларын мойындап, мемлекет қазынасына қажетті сомманы толықтай төледі. 


Айта кету керек, 18 тамызда Жібек Мусинованың анасы әлеуметтік желі арқылы қызын 4 азамат зорлап кеткендігі жөнінде айтып, істің әділ өтуі жөнінде көмек сұраған болатын. Артынша, күдіктілер қамауға алынды және істі облыстық ІІД тікелей бақылауға алған еді.

Асхат Бектұрсынов 10 жылға, Алмас Ермеков 9,5 жылға, Ербол Ермеков 8 жылға, Елтай Нұрбол 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді олар жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

Судья Ерлан Баймулдинов сотталушыларға осындай үкім кесті. Естеріңізге сала кетейік, Жібек Мусинованы зорлағандардың ісі Еңбекшіқазақ аудандық сотында қаралды. Прокурор 4 азаматты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Соңғы жаңалықтар