Жібек Мусиноваға қатысты іс бойынша апелляциялық шағымдар өзгеріссіз қалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Жібек Мусинованың жəне осы іс бойынша сотталғандардың апелляциялық шағымдары өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында аталмыш іске қатысты апелляциялық шағымдарды қарау процесі басталғандығын хабарлаған болатынбыз.

Еске салсақ, 2016 жылдың 28 қарашасы күні Жібек Мусинованы зорлады деген айыппен 4 азаматқа сот үкімі шыққан болатын. Атап айтқанда, Алмас Ермековті (1987 жылы туған) - 9,6 жылға, Ербол Ермековті (1994 жылы туған)- 8 жылға, Елтай Нұрболды (1992 жылы туған) - 9 жылға және Асхат Бектұрсынды (1994 жылы туған) 10 жылға бас бостандықтарынан айыру және жазаны жалпы режімдегі колонияда өтеу туралы қаулы етілді.

Алайда, сотталушылар бұл айыппен келіспей, апелляциялық шағым жасаған болатын. Өз кезегінде жәбірленуші - Жібек Мусинованың тарапы да тағайындалған жазаға қанағаттанбай, апелляцияға берді. 

Екі тараптың апелляциялық шағымдарын қарастырған Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2016 жылғы 28 қарашадағы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Айыпталушы тарап ендігі кезекте, апелляциялық шағымды ҚР Жоғарғы Сотына жолдамақ.
 

Айта кетейік, бүгінгі сот отырысы жабық режімде өтіп, сот ғимаратын тəртіп сақшылары, төтенше жағдайлар қызметі күзетіп тұрды.

Облыстық сот баспасөз қызметінің берген мәліметіне қарағанда, соттың күшейтілген тəртіпте өтуіне бұған дейінгі жағдай себеп болған. Атап айтқанда, осы іс бойынша сот үкімі шыққан күні айыпталушылардың туыстары айғайға басып, тəртіпсіздікке жол берген еді. 

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылдың 18 тамызында жәбірленуші Жібек Мусинованың анасы әлеуметтік желі арқылы қызын 4 азамат зорлап кеткендігі жөнінде айтып, істің әділ өтуіне көмек сұраған болатын. Артынша күдіктілер қамалды және істі облыстық ІІД тікелей бақылауға алған еді. Жібек Мусинованы зорлағандардың ісі Еңбекшіқазақ аудандық сотында қаралды. Прокурор 4 азаматты 11 жылға дейін  бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Соңғы жаңалықтар