Жібек Құламбаева Сербиядағы жарыстың жартылай финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 447-ракеткасы Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 1019-орында тұрған словакиялық Нина Варговамен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен матчта Ж.Құламбаева екі тай-брейкте басымдылық танытты – 7:6 (7:5), 7:6 (7:5).

Жібек Құламбаева финалға шығу үшін италиялық Дениз Валенте немесе ұлыбританиялық Элеанор Баглоудың қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гаррос турнирінде Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалына өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Парижде Франция ашық чемпионатының жеребесі тартылды.


Соңғы жаңалықтар